Ажбеновтың қарсыласы анықталды
Қазақстандық боксшы Нұртас Ажбенов рингте 26 сәуірде оралады. <br />Ол Лондондағы York Hall аренасында жұдырықтасады. Қарсыласы Чехия боксшысы Хамо Аперян болмақ. Кездесу алты раундқа жоспарланған. <br />Айта кетейік, жеңіл салмақта өнер көрсететін Нұртас Ажбенов кәсіпқой рингте төрт кездесу өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. Бір кездесуді нокаутпен тәмамдады. <br />Ал Аперян кәсіпқой бокстағы үш жекпе-жегінің екеуін нокаутпен жеңген. Ал біреуінде қарсыласынан ұтылып қалған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или