Almaty Nordic Walking Fest 2019 фестивалі өтеді
Алматыда скандинавиялық жүрістен Almaty Nordic Walking Fest 2019 фестивалі өткізілетін болды. Бұл іс-шараны даңқты қазақстандық спортшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталеваның олимпиадалық қоры ұйымдастырады.
Скандинавиялық жүріс – дене пішінін, хал-ахуалды және көңіл күйді жақсарту, сонымен қатар салмақты бақылаудың қарапайым тәсілі.

Almaty Nordic Walking Fest бірінші фестивалі 2019 жылы 2 маусымда, «Атакент» көрме кешені алаңында өтеді.
- Скандинавиялық жүріс – рахатқа бөленіп, өзіңізді жақсы қалыпта ұстауға мүмкіндік беретін фитнестің әсем түрі. Almaty Nordic Fest белсенді қазақстандықтарға ұнайтын болады деген үміттемін, - деді Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталева.
Максим Прощенко басқаратын «Еуразия» скандинавиялық жүріс мектебі фестивальді өткізу бойынша басты серіктес болады. Мектеп мамандары кәсіпқой қазылықты ұйымдастыруға, қатысушылардың көрсеткіштерін анықтауға жауапты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или