Аяп пен Хабибулин Андижандағы турнирдің ширек финалына шықты
Андижанда (Өзбекстан) Andijan Combined ITF World Tennis Tour event халықаралық теннис турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ерлер арасындағы жұптық жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық теннисші Сағадат Аяп ресейлік Шалва Джанашиямен бірге жергілікті спортшылар Шаробиддин Абзалов пен Павел Цойды 6:1, 6:3 есебімен жеңді.
Тағы бір қазақстандық Тимур Хабибулин мен украиндық Владислав Манафов та жарысты жеңіспен бастады. Қазақ-украин жұбы үндістандық Сидхарт Рават пен Маниш Сюрешкумарды 6:2, 6:2 есебімен ұтты.
Енді ширек финалда Аяп пен Хабибулиннің дуэті бір-бірімен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или