Азия чемпионаты: Жартылай финалда 7 боксшымыз өнер көрсетеді
Бүгін, 23 сәуірде Бангкокта өтіп жатқан (Таиланд) Азия чемпионатының ширек финалдық кездесулері аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан ерлер құрамасы сапында сынға түсіп жатқан 10 боксшының жетеуі жартылай финалға өтті. Олар: Теміртас Жүсіпов (49 келі), Закир Сафиуллин (60), Санатали Төлтаев (64), Тұрсынбай Құлахмет (75), Бек Нұрмағанбет (81), Василий Левит (91), Қамшыбек Қоңқабаев(+91).
Ал 52 келіде өнер көрсеткен Әнуар Мұзапаров, 56 келідегі Қайрат Ералиев және Асланбек Шымбергенов жарыс жолынан шығып қалды. "Қазақ салмағы" атанып кеткен 69 келіде бақ сынайтын Шымбергенов ширек финалда өзбек боксшысы Бобо-Усмон Батыровқа есе жіберді.
Жартылай финалдық жұптар:
Ерлер:
49 келі. Теміртас Жүсіпов - Дипак (Индия)
60 келі. Закир Сафиуллин - Шива Тхапа (Индия)
64 келі. Санатәлі Төлтаев - Баходир Усмонов (Тәжікстан)
75 келі. Тұрсынбай Құлахмет - Нурсахат Паззыев (Түркменстан)
81 келі. Бек Нұрмағанбет - Эркин Адылбек уулу (Қырғызстан)
91 келіге дейін. Василий Левит - Ким Хьен Кю (Оңтүстік Корея)
91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Сатиш Кумар (Индия)
Ал толық құрамда аттанған қыздар құрамасынан төрт боксшы ғана жартылай финалда өнер көрсетеді. Оның өзінде Фариза Шолтай мен Ләззат Күнгейбаева жарысты жартылай финалдан бастағалы отыр.
64 келі. Милана Сафронова - Доу Дань (Қытай)
69 келі. Дариға Шакимова - Чэнь Ньень-Чинь (Тайпей)
81 келіге дейін. Фариза Шолтай - Пооха Рани (Үндістан)
81 келіден жоғары. Ләззат Күнгейбаева - Ксяоли Ян (Қытай)
Жартылай финалдық кездесулер ертең, 25 сәуірде өтеді.