Ұлттық спорт

Президенттікке алғашқы үміткер белгілі

Президенттікке алғашқы үміткер белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Сәдібек Түгел «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президент сайлауына кандидат ретінде құжаттарын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Комиссия Сәдібек Түгелден өтініш, өмірбаяны туралы мәлімет, сайлау жарнасын төлегені туралы анықтама, жеке куәлігі мен дипломының көшірмесі, жоғары лауазымды қызметте істегенін айғақтайтын құжат қабылдаған.

Қазақстанда кезектен тыс өтетін президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталған. Үміткерлерді ұсыну 28 сәуірде, тіркеу 11 мамырда аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер