Азия чемпионаты: Тағы екі боксшымыз жартылай финалға шықты
Бокстан Бангкоктағы Азия чемпионатында қазақстандық тағы екі боксшы жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz. <br />Ширек финалда 64 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Санатәлі Төлетаев ирандық Амири Магсудимен жұдырықтасқан. Қазақстандық боксшы қарсыласын жеңіп, келесі кезеңге өтті. <br />Ал Бек Нұрмағанбет 81 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Дильшодбек Рузметовпен кездесіп, қарсыласынан басым түсті. <br />Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова филиппиндік Жози Габукомен күш сынасқан. Өкінішке қарай, отандасымыз қарсыласқа жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или