Үстел теннисінен ӘЧ: Жұптық сайыстар сәтсіз болды

Үстел теннисінен ӘЧ: Жұптық сайыстар сәтсіз болды

Венгрия астанасы Будапештте үстел теннисінен әлем чемпионаты басталды.

Аралас командалық сында Денис Жолдуев пен Анастасия Лаврова жұбы алғашқы матчта Түркменстан спортшыларын 3:0 есебімен ұтқан. Алайда, екінші айналымда Люксембург командасына есе жіберді. 

Сондай-ақ, Кирилл Герасименко мен Зәуреш Ақашева алғаш рет жұптық сында өнер көрсетіп, уэльстік қарсыластарынан басым түсті (3:2). Алайда екінші кездесуде Польша спортшыларынан ұтылды. 

Жекелей сында Тимур Келбұғанов, Денис Жолдуев, Зәуреш Ақашева мен Анастасия Лавровалар келесі кезеңге өтті.

Өкінішке қарай, Гулчехра Хусейнова мен Бекұлан Жамал үшін әлем чемпионаты аяқталды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или