Головкиннің келесі жекпе-жегінің билеттері сатыла бастады
Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) DAZN платформасы аясындағы алғашқы жекпе-жегінің билеттері сатылымға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы даңқты боксшы Instagram-дағы өзінің жеке парақшасында мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин 8 маусымда<span> </span>шаршы алаңға шығады. Нью-Йорктегі<span> </span><span>Madison Square Garden аренасында </span>35 жастағы жеңіліп көрмеген канадалық боксшы Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или