Азия чемпионатында аударыспақтан мықтылар анықталды
Алматыда Ұлттық ат спортынан өтіп жатқан І Азия чемпионатында аударыспақтан мықтылар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мәлім еткендей, аударыспақ сайысында 5 салмақ дәрежесі бойынша (50 кг, 60 кг, 70 кг, 80 кг, 80+ кг) 8 мемлекеттен келген 27 спортшы жүлделі орындарды сарапқа салды.

Аса тартысты өткен сайыста 50 келі салмақта бас жүлдені жерлесіміз Аманжол Нұрбек қанжығасына байлады.
60 келі салмақта да жерлестеріміздің мерейі үстем болды. Бас жүлде Құралбай Ермекке бұйырды.
70 келі салмақта қазақстандық Иманғазыұлы Нармағанбетке тең келер ешкім болған жоқ.
80 келі салмақтың бас жүлдесін жерлесіміз Ағабек Ғабит жеңіп алды.
Өкінішке қарай, 80 келіден жоғары салмақтың бас жүлдесіне таласқан жерлесіміз Жаналин Әділжан үшінші орынды місе тұтты.
Аталған додаға Азияның 10 елінен спортшылар қатысуда. Олар көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спортынан бақ сынайды. Жарыс 21 сәуір күні өз мәресіне жетеді.