Ұлыбритания – Қазақстан: матч жеребесі тартылды

Ұлыбритания – Қазақстан: матч жеребесі тартылды

Федерация кубогы ІІ Әлемдік тобының плэй-оффындағы бірінші кезең аясында Ұлыбритания мен Қазақстан теннисшілері кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

20 сәуірде Лондондағы Copper Box Arena-ның кортына бірінші болып Йоханн Конта мен Зарина Дияс шығады. Бұл матч Нұр-Сұлтан уақытымен 18:30-да басталады. артынша Кэти Бултер мен Юлия Путинцева күш сынасады.

Ал 21 сәуірде елорда уақытымен 17:00-де Конта мен Путинцева кездесуі жоспарланған. Кейін Бултер мен Дияс кездеседі.

Егер төрт ойыннан кейін жеңімпаз анықталмаса, жұптық кездесу өтеді. Мұнда Хэрриет Дарт пен Хизер Уотсон дуэтіне Анна Данилина мен Галина Воскобоева қарсы тұрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или