Бокстан Азия чемпионатының тікелей трансляциясы
Бүгін, 19 сәуірде Бангкокта (Таиланд) Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде бірқатар қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шығады.
Бүгін екі сессияда жекпе-жектер өтеді. Күндізгі сессия Нұр-Сұлтан уақыты сағат 12:30-да, ал екіншісі кешкі 17:00-де басталады.
19 сәуір
Күндізгі сессия
56 кг. 1/16 финал. Қайрат Ералиев (Қазақстан) - И Чан Ли (Оңтүстік Корея)
64 кг. 1/16 финал. Санатали Толтаев (Қазақстан) - Либертус Гха(Индонезия)
75 кг. 1/16 финал. Тұрсынбай Құлахмет (Қазақстан) - Чун Ил Хон (Солтүстік Корея)
91 кг. 1/8 финал. Василий Левит (Қазақстан) - Пурия Амири (Иран)
Кешкі сессия
52 кг. 1/16 финал. Анвар Мұзаппаров (Қазақстан) - Энхмандах Хархуу(Моңғолия)
+91 кг. 1/8 финал. Камшыбек Құнғабаев (Қазақстан) - Ашиш Дувади(Непал).