Детковская/Құламбаева жұбы ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Қазақстандық теннисші Дария Детковская Шымкентте өтіп жатқан ITF турнирінде бағын сынады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
19 жастағы спортшы қыз жерлесі Жібек Құламбаевамен жұптасып, қазақстандық-рсеейлік Екатерина Дмитриченко - Виктория Дема жұбына қарсы ойнады.
1 сағат 14 минутқа созылған кездесуде 1:6, 6:3, 10:6 есебімен қазақстандықтық теннисшілер жеңіске жетті.
Осылайша, Детковская/Құламбаева жұбы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или