Бокстан Азия чемпионатының жеребесі тартылды
26 сәуірге дейін Таиланд елінің астанасы Бангкокта бокстан ХХХ Азия чемпионаты өтеді. Екі жылда бір өтетін құрлық біріншілігіне әр елдің ең мықты деген былғары қолғап шеберлері барады, деп жазады prosports.kz.
Еліміз боксшылары соңғы бес Азия чемпионатында үш мәрте командалық есепте көш бастады. Атап айтқанда, 2011 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында екі алтын медаль, 2013 жылы Иорданияның Амман қаласында жеті алтын медаль, 2015 жылы Таиландтың Бангкок қаласында бес алтын медаль жеңіп алып, жалпы есепте жеңіске жеткен.
Ал 2017 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында қандай "қызық" болғаны бәрімізге белгілі. Өз жерінде өткен чемпионатта өзбек ағайындарымыз 10 салмақтың 9-ында алтын медаль алып, айды аспанға шығарған. Алаң иелерінен артылған жалғыз бас жүлде бізге бұйырды да, өзге 27 елдің боксшылары "алтынсыз" қалған.
Ал бүгін кезекті Азия біріншілігінің жеребесі тартылды. Жекпе-жек ертең, 19 сәуір күні басталады.
Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары:
49 келі. Теміртас Жүсіпов турнирді 1/8 финалдан бастайды. Қарсыласы - Самак Саехан (Таиланд).
52 келі. Анвар Мұзаппаров - Енкмандах Хардурджу (Монголия), 1/16 финал.
56 келі. Қайрат Ералиев - Ю Чан Ли (Корея), 1/16 финал.
60 келі. Закир Сафиуллин 1/8 финалдан бастайды. Вей (Вьетнам)/Альдраби Шехаб (ОАЭ) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
64 келі. Санатәлі Төлтаев та 1/8 финалдан бастайды. Алғашқы қарсыласы Либертус Га (Индонезия).
69 келі. Асланбек Шымбергенов 1/8 финалда Хьюн-Чул Лим (Корея)/Арди (Таиланд) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.
75 келі. Тұрсынбай Құлахмет - Чон Ли Хонмен (Солтүстік Корея), 1/16 финал.
81 келі. Бек Нұрмағанбет - Альмутахир (Кувейт), 1/8 финал.
91 келіге дейін. Василий Левит - Амири (Иран), 1/8 финал.
91 келіден жоғары. Қамшыбек Құнқабаев - Ашис Давадимен (Непал), 1/8 финал.