Жанат Жақиянов: «Канело» - Головкин үшін ең қиын қарсылас

Жанат Жақиянов: «Канело» - Головкин үшін ең қиын қарсылас

Жеңіл салмақта WBA супер және IBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Жанат Жақиянов Prosports.kz тілшсіне сұқбат берді.

- Күні кеше Геннадий Головкиннің қарсыласы анықталды. Ол Стив Роллс. Аса танымал емес боксшы, бірақ жеңіліп көрмеген. Жекпе-жек нәтижесі қандай болады деп ойлайсыз?

- Шынымды айтсам, Стив Роллсты танымаймын. Головкин «Канелоға» қарсы жекпе-жектен кейін әбден демалып, қалпына келді. Сондықтан кездесу сәтті болады деп үміттенем.

- «Канело» демекші, рематчта Головкин ұтылды деп санайсыз ба?

- Альварестің басымдығы болды, мойындауымыз керек. Бірақ Головкин соңына дейін жұдырықтасты, тіпті нокдаун алған жоқ. Сол кішігірім басымдықты ескере отырып төрешілер шешім шығарды.

- Дэниел Джейкобс Геннадиймен тағы бір рет кездесу өткізбек...

- Гена одан мықты екенін бәріміз көрдік. Головкин үшін ең қиын қарсылас Сауль Альварес болып тұр. Трилогияны көрсек қызық болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или