Головкиннің DAZN-дағы алғашқы қарсыласы туралы не білеміз
DAZN стримингілік қызметі 8 маусымда өтетін жекпе-жекте GGG қарсыласының есімін ресми түрде жариялады. Prosports.kz қазақстандықтың күтпеген қарсыласын талдайды.
Әрине, бірінші кезекте Головкинмен жекпе-жекте өз елінің сыртында мүлде белгісіз канадалық боксшының танымалдығы артады. Шындығында, DAZN, Леффлер және Геннадий 9 ай бойы әрекетсіздіктен кейін амалсыз жекпе-жек өткізуді ұйғарды, қазақстандықтың ұзақ уақыт бойы рингке шықпауы BoxRec рейтингісінде 93-ші орынды иеленген 35 жастағы канадалық үшін қолайлы.

Канадалық боксшының әлеуеті қандай? Ол барлығы 19 жекпе-жек өткізіп, түгелінде жеңген, 10 кездесуін нокаутпен аяқтаған әккі боксшы. Дегенмен, Роллс Канаданың және Құрама Штаттардағы ареналарда аса танымал емес боксшыларды жеңді. Өткен жылдың желтоқсан айында Торонтода өткен соңғы жекпе-жекте ол АҚШ-тың орта салмақ дәрежесіндегі USBA-ның чемпионы атағын жеңіп алды. Айта кету керек, канадалық 12-раундтық жекпе-жекке ешқашан қатысқан жоқ, бұл, сөзсіз, үлкен минус.
2009-2010 жылдары Стив Роллс Канаданың ұлттық құрамасына кірді, тіпті Миландағы 2009 жылғы әлем чемпионатына қатысып, екі айналымнан кейін турнирдің болашақ қола жүлдегері, үнді Виджендер Сингхтен жеңілді. Жалпы әуесқойлық мансабында ол 83 рет жеңіске жетіп, 14-інде жеңіліске ұшырады және әуесқойлар арасында әлемдегі 12-ші нөмір болды.

Жасы бойынша (35 жас 37 жасқа қарсы) және бойы (179 см-ге 183 см) кішігірім айырмашылық Роллсқа ешқандай дивидендтер әкелмейді, өйткені Головкин оны бай тәжірибесі мен техникасына оңай теңестіреді. Сонымен қатар, GGG нокаут пайызы бойынша одан әлдеқайда жоғары (85% 53%-ға қарсы). Қолды сілтеу жағынан боксшылар тең - 178 см. Жалпы алғанда, өткен жылы Мартиросянмен болған жекпе-жектің екінші нұсқасын көретін сияқтымыз. Өйткені, Роллс қаншалықты абыройлы болса да, Головкинді жеңе алмайды.