Әлімханұлы жекпе-жекте жарақат алды

Әлімханұлы жекпе-жекте жарақат алды

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) соңғы жекпе-жегінде жарақаттанып қалған. Бұл туралы спортшының өзі ESPN арнасына берген сұхбатында айтты.

25 жастағы Әлімханұлы 12 сәуір Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында жұдырықтасты. Қазақстандықтың қарсыласы 27 жастағы мексикалық Кристиан Оливас (16-4, 13 КО) болды. Жекпе-жек толық он раунда өтіп, Әлімханұлы төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, жерлесіміз WBO Global және WBC Continental Americas белбеуін иеленді.

«Ол жекпе-жекте оң иығымды жарақаттадым, бірақ, бұл баға жетпес тәжірибе болды. Маған керегі осы еді», - дейді Әлімханұлы.

Әлімханұлы осымен алтыншы жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп отыр. АҚШ-та ол 2018 жылдың сәуірінде жұдырықтаса бастап, бұл елде төрт кездесу өткізді. Ал Оливас бесінші рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, оның 16 жеңісі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или