Джейкобс: Головкин менен жеңілгенін біледі. Оны көздерінен байқадым

Джейкобс: Головкин менен жеңілгенін біледі. Оны көздерінен байқадым

Орта салмақта IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобстың (35-2, 29 КО) пікірінше, ол қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) өткен жекпе-жекте жеңіске жеткен.

- Өзімнің үздік екенімді, Головкинге қарсы жекпе-жекте менен жеңісті тартып алғанын әрқашан айтып жүрмін. Головкин менен жеңілгенін біледі. Мұны төрешілер жеңісті оған беріп жатқан кезде көздерінен байқадым. Ол маған реванш беру туралы ешқашан айтқан жоқ, - деді Джейкобс.

Естеріңізге салсақ, Головкин мен Джейкобс 2017 наурызда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында жұдырықтасқан болатын. Сол кездесуде Головкин ұпай санымен ұтқан еді.

Ал Джейкобс Головкинге қарсы 12 раунд бойы шыдаған алғашқы боксшы атанған.

Енді америкалық боксшы 4 мамырда Лас-Вегаста мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или