Жас журналистер Павлодарда бақ сынасты

Жас журналистер Павлодарда бақ сынасты

Сәуірдің 15-і күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша XI республикалық пән олимпиадасының бірінші кезеңі өтті. «Ұлы даланың ұлағаты» атты білім додасына еліміздің 17 ЖОО-ның 2-4 курс студенттері қатысты. Мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін  анықтау және  талантты студенттерге қолдау көрсету.

Бірінші кезеңде әр өңірден келген университет командасы өздерін таныстырып, түстен кейін берілген тақырыптар бойынша эссе жазды. Осыдан кейін олимпиада қатысушыларына арнайы экскурссия ұйымдастырылып, Павлодар қаласының көрікті жерлерімен таныстырды.

Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша, халықаралық ақпараттар технологиялар университеті, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жоғары ұпайға ие болды.

Бүгін, сәуірдің 16-сы күні, олимпиаданың екінші кезеңі басталды.  Студенттер теориялық білімін тексеру үшін журналистиканың жанры мен пішіндері, тарихы және телерадио журалистикасы пәндері бойынша 100 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Екінші кезеңнің келесі тапсырмасы журналистерге жедел ақпарат тарату. Республикалық олимпиада жеңімпаздары түстен кейін белгілі   болады. Сайыс нәтижесі psu.kz сайтында және басқа да БАҚ-та жарияланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или