Жәнібек Әлімханұлы титулды жекпе-жекте жарақат алды

Жәнібек Әлімханұлы титулды жекпе-жекте жарақат алды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лос-Анджелесте өткен жекпе-жегінде жарақат алған, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы спортшы ESPN-ге берген сұхбатында айтты.

«Сол жекпе-жекте құнды тәжірибе жинадым, бірақ оң иығымды жарақаттап алдым», - деді Әлімханұлы.

Естеріңізге салсақ, 13 сәуірде Жәнібек кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегін өткізген еді. Ол мексикалық Кристиан Оливасты он раунд қорытындысы бойынша ұпай санымен жеңіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или