Атақты промоутерлер Нұр-Сұлтанда бокс кешін өткізеді

Атақты промоутерлер Нұр-Сұлтанда бокс кешін өткізеді

Америкалық және британиялық промоутер компаниялары Top Rank пен MTK Global Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда бокс кешін өткізетінін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Шара 6 шілдеге жоспарланған. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде әлем чемпионы титулы сарапқа салынады. Бірақ нақты кімдердің қатысатыны хабарланған жоқ.

Бұл кеште Сұлтан Зәуірбек, Нұртас Әжбенов, Виктор Коточигов пен Әбілхайыр Шегалиевтің қатысу мүмкіндігі зор, себебі оларда MTK Global-мен келісімшарт бар. Сондай-ақ, Top Rank-пен жұмыс істейтін Жәнібек Әлімханұлы, Асхат Уәлиханов пен Сағадат Рақманқұловты да осы кеште көріп қалуымыз ықтимал.

Айта кетейік, бүгін Әлімханұлы Лос-Анджелесте мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасып, WBA Global және WBC Continental Americas  белбеулерін ұтып алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или