Әлімханұлы – жанкүйерлеріне: Бұл менің ғана емес, сіздердің де жеңістеріңіз
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы екі титул жеңіп алғаннан кейін жанкүйерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Жеңістеріңіз құтты болсын. Бұл менің ғана емес, сіздердің де жеңістеріңіз. Бұл менің он раундтық алғашқы жекпе-жегім. Он раунд бойы жұдырықтасып, жинаған тәжірибелеріміздің бәрін көрсеттік. Алла қаласа, алдағы уақытта қазақ стилін осылай шыңдап, үлкен жекпе-жектер өткізіп, жеңіске жетеміз», - деді Әлімханұлы.
Естеріңізге салсақ, бүгін Әлімханұлы Лос-Анджелесте мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасып, WBA Global және WBC Continental Americas белбеулерін ұтып алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или