Алғаш рет ұлттық ат спорты түрлерінен Жастар арасындағы І Азия чемпионаты өтеді
Алматы қаласының іргесіндегі ипподромда ұлттық ат спорты түрлерінен Жастар арасындағы І Азия чемпионаты өтеді.
Байрақты бәсекеде спортшылар көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату түрлерінен Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады. Жарысқа 9 мемлекеттің командалары қатысады. Атап айтқанда, <span>Қазақстан, Венгрия, Ресей, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан мемлекеттерінің жастар командалары бақ сынайды.</span>
Дүбірлі дода 16-21 сәуір күндері аралығында Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов кентіндегі ипподромда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или