Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) АҚШ төріндегі кезекті жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды prosports.kz.
Бұл туралы боксшы өзінің Instagram парақшасында жазды.
Бұған дейін бес кездесуді өз пайдасына шешкен Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегінде 2 бірдей чемпиондық белбеуге таласқалы отыр. Лос Анжделесте өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын Жәнібек мексикалық Кристиан Олливаспен (16-4, 13KO) жұдырықтасады. 10 раундқа жоспарланған бұл жекпе-жекте WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.
Жәнібектің салмағы орта салмақ лимитімен дәлме-дәл сәйкес келіп, таразыда тура 160 фунтты көрсетті. Ал оның қарсыласы <span>Кристиан Олливастың салмағы</span> 159,2 фунт тартты.
Айта кетейік, аталған жекпе-жек Қазақстан уақытымен 13 сәуір таңертең өтеді. Бокс кешін Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.