Боб Арум: Жәнібек Әлімханұлы — Геннадий Головкиннің «мұрагері»
Әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Жәнібек Әлімханұлы туралы өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Жәнібек Әлімханұлының Геннадий Головкиннің орнын басар «мұрагері» екенін айтқым келеді. Жәнібек – талантынан зор үміт күттіретін боксшы, оны осы жұмада көресіздер, — деді Арум.
Әлімханұлы орта салмақтағы WBO Global жәнеWBC Continental Americas атақтары үшін шайқас өткізеді.
Жекпе-жекті 12 сәуір күні Qazsport телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады. Басталуы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де.
Эгис Климас: Жәнібек Әлімханұлымен мақтанамын
ВИДЕО. Әлімханұлы соңғы спаррингін өткізді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или