WBC Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн мен орынды жариялады
Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) биыл жазда рингке қайта оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) GGG шаршы алаңға шығатын күн мен орнын жарияланды.
- Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 8 маусымда Нью-Йорктегі <span>Madison Square Garden-де</span> өтеді. Қарсыласы кейінірек анықталады. <span>Головкин (38-1-1, 34 нокаут) Калифорния штатындағы Big Bear жаттығу базасында дайындығын бастады, - деп хабарлады WBC.</span>
ESPN телеарнасының мәліметіне сенсек, отандасымыз 36 жастағы канадалық спортшы Стив Роллспен (19-0, 10 КО) он екі раундтық жекпе-жек өткізеді.
Сондай-ақ, бұл тізімде бұрынғы орта салмақ санатындағы әлем чемпионы француз Хасан Н'Дамудың да аты аталып отыр