Геннадий Головкин өзін қолдаған жанкүйерлеріне алғыс айтты
Бокстан орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин туған күнімен жарыса құттықтаған жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Күні кеше отандық спортшы 37 жасқа толған болатын.
- Сіздерге құттықтауларыңыз үшін рахмет! Жанкүйерлеріме үнемі қолдау көрсететіні үшін шексіз ризамын. Жуырда көріскенше!, - деп жазды боксшы өзінің Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, GGG шаршы алаңға осы жылдың 8 маусымында оралуды жоспарлап отыр. Жекпе-жек Мэдисон Сквер Гарден стадионында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или