Әлімханұлы екі титул үшін айқасады
Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы өзінің алтыншы жекпе-жегінде бірден екі титул үшін айқасатын болады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.
<span>Орта салмақтағы WBO Global жәнеWBC Continental Americas атақтары үшін шайқас 12 сәуір күні Лос-Анжелесте өтеді. </span>
<span>Әлімханұлының қарсыласы мексикалық Кристиан Оливас болмақшы, ол үшін бұл жекпе-жек спорттық мансабындағы 21-ші айқас. Ал Ж. Әлімханұлы кәсіби рингке алтыншы рет шықпақшы. Бұған америкалық менеджер Эгис Климас өз таңданысын білдірді. «Алтыншы жекпе-жегінде-ақ WBO Global және WBC Continental Americas титулдары үшін айқасқа түсетін Жәнібек Әлімханұлын мақтан тұтамын», - деп жазды ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында. Жекпе-жекті 12 сәуір күні Qazsport телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады. </span>
<span>Басталуы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де.</span>