Денис Тен Әлем чемпионатына қатыспайды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Сочи Олимпиадасының мәнерлеп сырғанаудан қола жүлдегері Денис Тен алдағы Жапонияда өтетін әлем чемпионатына қатыспайды.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Өкінішке қарай мен Әлем чемпионатына қатыспаймын. Жарысқа баруды жоспарлап қойған жанкүйерлерімнен кешірім өтінемін. Мәселе шешілгеннен кейін, мен жаңа күшпен қайта ораламын», - деп жазды Тен «твиттердегі» ресми парақшасында.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, мәнерлеп сырғанаудан әлем біріншілігі 24-30 наурыз күндері Жапонияның Саитама қаласында өтеді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или