Эгис Климас: Жәнібек Әлімханұлымен мақтанамын

Эгис Климас: Жәнібек Әлімханұлымен мақтанамын

Александр Усика пен Василий Ломаченконың менеджері Эгис Климас өзінің қамқорлығындағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен (5-0, 2 КО) мақтанатынын айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz порталы.

«WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулері үшін екі бірдей титулды жекпе-жек өткізетін Жәнібек Әлімханұлымен мақтанамын», – деп жазған Климас өзінің инстаграм-парақшасында.

Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегі 12 сәуір күні Лос Анжделесте өтеді. Кездесу 10 раундқа жоспарланған.

Жәнібектің қарсыласы кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-ын жеңген, тәжірибелі мексикалық Кристиан Олливас болмақ.<span> </span>

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Very proud of. @janibek_alimkhanuly fighting for 2 titles WBO global & WBC continental americas with only 6 fights!!! #klimasmanagement #boxing @trboxing #lomacrolla @boxing_laboratory

Публикация от Egis Klimas (@klimasmanagement) 7 Апр 2019 в 11:27 PDT

<span> <br /></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или