Головкин британ боксшысымен қолғап түйістіруі мүмкін
Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) маусым айында британиялық боксшы Джон Райдермен (27-4, 15 КО) жұдырықтасуы мүмкін.
Бұған дейін батыс басылымдары Triple G америкалық Брэндон Адамспен (21-2, 13 КО) жекпе-жек өткізуге келіскенін мәлімдеген болатын. Алайда соңғы сәтте екеуінің жекпе-жегі болмайтын болды. Дәл осындай жағдай Джон Райдердің де басынан өтті.
Енді Джон Райдер Геннадий Головкиннің басты қарсыласы ретінде аталып отыр. Алайда әзірге нақты бір ақпарат жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или