Қазақстандық спортшы Азия кубогында ондыққа кірді
<span>Йокогама қаласында үстел теннисінен Азия кубогы өтіп жатыр. Аталған бәсекеге Қазақстан атынан қатысқан Кирилл Герасименко қатысып, 10-шы орыннан көрінді.</span>
Кирилл алғашқы матчта Оңтүстік Корея спортшысын жеңген. Өкінішке қарай, топтық кезеңдегі екі кездесуде 1:3 есебімен әлем чемпионы, қытайлық Фан Жендонг пен Гонконг өкілі Вон Чун Тинге есе жіберді.
Ширек финалға өту үшін Кирилл әлемдік рейтингіде 28-ші сатыда тұрған спортшы, үндістандық Сатхиян Гнанасекараннен ұтуы тиіс еді. Алайда, спортшымыздың қарсыласқа шамасы жетпеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или