Бублик Монтеррейде финалға шықты
Қазақстандық теннисші Мексикадағы челленджер турнирінің финалына шықты.
<span>Әлемдік рейтингіде 120-орында тұрған қазақстандық спортшы жартылай финалда әлемнің 93-ракеткасы, америкалық Сандгренмен кездесті. Осы турнирдің 1-ракеткасы болып тіркелген америкалық алғашқы сетте брейктер жасап, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда Бублик дәл сондай есеппен есе қайырды. Үшінші сетте спортшылар тіресіп тай-брейкте күш сынасты. Ақыр аяғында қазақстандық теннисші 7:5 есебімен жеңіске жетті. </span>
<span>Бублик Монтеррей финалында әлемнің 309-ракеткасы, эквадорлық Эмилио Гомеспен чемпиондық атақ үшін тартысады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или