Қолкүрес шеберлері жарады!

Хорватия астанасы Загреб қаласында наурыз айының 2-cі күні армспорттан Халықаралық Гран-при SOKOL MARIC 2014 Armwrestling Cup турнирі өз мәресіне жетті.

Турнирде әлемнің 21 елінен келген 200-ден астам қол күрес шеберлері бақтарын сынады. Ел намысын абыроймен қорғап жүрген шардаралық білекті палуандар тағы да үздік нәтиже көрсетті. 70 келі салмақта бақ сынаған Мағжан Шамиев барлық қарсыластарынан басым түсіп алтын жүлдеге ие болды.

Артынша 86 келіде жарыс жолына шыққан Қыдырғали Оңғарбаевта қарсыластарынан оқ бойы оза шауып алтыннан алқа тақты. 78 келідегі Шынболат Райханов жаттыу кезінде алған жарақатына қарамастан жарыс жолына шығып қола жүлдеге қол созды. Турнир соңында салмақ талғамайтын Абсолюттік бәсекеде бақ сынаған Қыдырғали Оңғарбаев өзінен алдеқайда ірі қарсыластарынан басым түсіп финалдық бәсеке де ғана италиялық спортшыға есе жіберіп күміс медальға ие болды.

Спортшыларды осы турнирге аса жоғары деңгейде дайындап апарған аға жаттықтырушы Арман Романұлының еңбегі орасан зор. Жарыста оза шабу үшін аяусыз тер төккен жаттықтырушылардың арқасында қазақтың көк туы Хорватия төрінде бірнеше мәрте аспанға көтерілді. Алдағы уақыттарда Гран-при турнир Словакияда жалғасын табады. Спротшыларға жарқын жеңістер тілейміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или