Ұлттық спорт

Ирландиялық қазақ баласы құсбегілікке қызығады

news-banner7
mobile-news-top

Ирландиялықтар асырап алған қазақстандық балалар ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне берік әрі тарихи отанымен тығыз байланыста, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Дублинде жергілікті қазақ диаспорасы Қазақстанның Ұлыбританиядағы және Ирландиядағы елшілігінің қолдауымен басқосу ұйымдастырып, балалардың туған жері туралы ақпарат алуларына мүмкіндік жасады. Ирландияның түкпір-түкпірінен келген отбасылардың әлеуметтік нетворкингінде дәстүрлі әуендер ойналды, дастархан жайылды. Ирландиялықтар мен олардың балалары шараға қазақтың ұлттық киімдерін киіп келді. «Бізде жергілікті қазақтар бар. Олар бізге ұлттық тағамдар әзірлеуді үйретеді. Олармен тығыз байланыстамыз. Қазақ тілін үйренеміз. Кітаптар сатып аламыз. Ұлым Санжар бүркітшілік өнерге қызығады», - дейді Санжар-Кормактың анасы Пола Найланд.

Статистика бойынша Еуропа елдері арасында Ирландия Қазақстаннан бала асырап алу жағынан көш бастап тұр. Бұл елде жаңадан ата-ана тапқан 150 қаракөзіміз өмір сүреді. «Бала асырап алу бойынша бағдарлама өз жұмысын 15 жыл бұрын бастады. Жыл сайын сәбилі болған отбасылардың басын қосып, түрлі шаралар өткіземіз, жаңалықтармен бөлісеміз. Араларында Қазақстанға саяхаттап, ерекше әсермен оралғандары да бар», - дейді бала асырап алу жөніндегі мемлекеттік агенттіктің басшысы Патриция Кэри. Шарада қазақстандық дипломаттар жаңа отбасы тапқан балалардың тарихи отанымен үздіксіз мәдени байланыста болуына қолдау көрсетудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар олар кездесулерді көптеп ұйымдастыруға ықпал етуге және балалардың Қазақстанға саяхаттап баруына көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер