Михаил Кукушкин Марракеш турниріне қатыспайды

Михаил Кукушкин Марракеш турниріне қатыспайды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Михаил Кукушкин Марракеш (Марокко) турниріне қатыспайтын болды.

<span>Жүлде қоры 524 340 еуроға бағаланған аталмыш турнир 8-14 сәуір аралығында өтеді. Жарыстан М.Кукушкиннен басқа испаниялық Пабло Карреньо-Буста, канадалық Феликс Оже-Альяссим және поляк Хуберт Хуркачтың тыс қалғаны белгілі болды. Оның алдында Майамиде арқасынан алған жарақатқа байланысты босниялық Давид Джумхур турнирге қатысудан бас тартқан болатын.</span>

Өткен жылы бұл айтулы додада испаниялық Пабло Андухардың бағы жанып, чемпион атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или