Шарипова 20 сәуірде шаршы алаңға шығады

Шарипова 20 сәуірде шаршы алаңға шығады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипованың (9-1, 4 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com сайтының мәліметіне сүйенсек, Шарипова 20 сәуірде Мәскеу маңындағы Жуковка қаласында орналасқан <span>Флойда Мэйвезера бокс академиясында шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласының аты кейін жарияланатын болады. </span>  

Сондай-ақ, бұл бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы <span>Константин Брусенский (1-0, 1 КО) де өнер көрсетеді.</span> Оның қарсыласы да әлі белгісіз.

Айта кетейік, кеше Шарипованың екінші орта салмақта IBO және WBC Silver белдіктерінен айырлығаны белгілі болған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или