Зарина Дияс «Монтеррей» турнирінің екінші айналымына шықты

Зарина Дияс «Монтеррей» турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Мексикадағы «Монтеррей» турнирінің екінші айналымына өтті.

Еліміздің ең үздік теннисшісі Зарина Дияс Мексикадағы турнирдің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен сайысқа түскен 32 теннисші 250 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салып жатыр. Отандасымыз жарыстың алғашқы айналымында мексикалық спортшы Рената Сарасуамен кездесіп, 7:5, 6:4 есебімен ұтты. Зарина келесі айналымда 67-сатыда тұрған Беларусь елінің өкілі Виктория Азаренкоға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Зарина Дияс әлемдік рейтингте 107-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или