Қытай командасында екі қазақ боксшысы өнер көрсетті
30 наурыз Шанхай қаласында Жапония мен Қытай боксшыларының қатысуымен дәстүрлі кәсіпқой бокс кеші өтті, деп хабарлайды prosports.kz.
Қытай ақпарат құралдарының жазуынша, бұл турнир Азия өңіріндегі аса танымал жарыстардың бірі. Осымен төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған турнирге екі ел де өздерінің ең мықты боксшыларын алып келген.
Өткен жылы Жапанияда өткен үшінші кезекті турнирде қытайлық боксшылар 5:0 есебімен ойсырай ұтылып қалған. Биыл тағы масқара болып жеңілмес үшін Қытай жарысқа қатысатын M23 командасының құрамына қазақ боксшыларын қосты. Атап айтқанда, Ұлан Төлеғазыұлы мен Бейсенбі Нәсиоллаұлы бұл кештік басты жұлдызы болды.

Ұлан Төлеғазыұлы VS Риота Ямаучи
Турнир қорытындысында тең жартысы қазақ боксшыларынан жасақталған Қытай құрамасы үш жеңіс, бір жеңіліс және бір тең нәтиже тіркеп, жалпы есепте жеңіске жетті.
«Тянь-Шань барысы» деген аты бар Ұлан Төлеғазыұлы (10-3-1,4 КО) ең жеңіл салмақта (50.8 келі) Риота Ямаучимен (4-0-0, 4КО) WBA тұжырымы бойынша халықаралық чемпион титулын (WBA International Flyweight Title) сарапқа салды. 12 раундқа созылған тартысты жекпе-жекте қос боксшы өзара бір-бір нокдаун тіркеді. Нәтижесінде қазақ боксшысы 115/112,117/109,117/109 есебімен жеңіске жетті.

Ұлан Төлеғазыұлы (10-3-1,4 КО)
Осы жеңісінен кейін Ұлан WBA ұйымының әлемдік рейтингісінде үздік 15 боксшының қатарына енді. Әрі WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына таласу толымдылығына ие болды.
Ал қытайлық жанкүйерлер Головкиннің ізбасарына балап, «OneG» атап кеткен Бейсенбі Нәсиоллаұлы (15-2-1, 6КО) өкінішке орай жапон боксшысына есе жіберді.

Бейсенбі Нәсиоллаұлы (15-2-1, 6КО)
Айта кетерлігі, Бейсенбі (63,5 келі) бұған дейін WBA және WBC нұсқасы бойынша Азия чемпионы титулын (WBA International super lightweight title,WBC Asian Boxing Council Continental super lightweight title) иеленген болатын.
Бұл бокс кешінде Дәулет Қазы есімді тағы бір жас боксшы шаршы алаңға шығып, жапониялық қарсыласымен тең тарқасты. Бірақ, қазірше бұл жігіттің ұлты қазақ екені жайлы нақты ақпарат жоқ.