Бублик Қазақстан құрамасынан кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бублик Қазақстан құрамасынан кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстан атынан жарысқа қатысып жүрген теннисші Александр Бублик Ресей ұлттық құрамасына оралғаны туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің Ресей құрамасына оралатыным туралы бұқаралық ақпарат құралдарында таралып жатқан қауесет - жай ғана орынсыз әзіл. Мен Қазақстан атынан екі жыл бойы өнер көрсетіп жүрмін, және Қазақстан туы астында жалғасты бақ сынайтын боламын», - деп жазды спортшы Instagram Stories-інде.

Айта кетейік, бұл ақпарат 1 сәуір күлкі күні жарияланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или