Алты боксшымыздың тек біреуі алтын алды

Алты боксшымыздың тек біреуі алтын алды

Әзірбайжанның Баку қаласында «Жібек жолы» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Финалда алты бірдей боксшымыз шыққан болатын. Алайда Қазақстанның қоржынына тек бір алтын бұйырды. 49 келіде жұдырықтасқан Шалқар Айқынбай финалда Өзбекстан өкілін жеңіп, алтыннан алқа тағынды.

Өзге боксшыларымыз, атап айтқанда: Олжас Байниязов (52 келі), Оразбек Асылқұлов (56 келі), Сабыржан Бекбегенов (64 келі), Мәулен Өскенбек (69 келі) және Данила Семенов (аса ауыр салмақ) ақтық сында қарсыластарына есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты.

Осылайша, Қазақстандық боксшылар «Жібек жолы» халықаралық турнирін бір алтын және бес күміс жүлдемен аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или