Айдос Ербосынұлы WBA рейтингісінде жоғарылады
Алматы төрінде Лукас Ндафолуды төрешілердің шешімімен жеңген Айдос Ербосынұлы Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингісінде жоғарылады.
Аталған ұйым барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялаған болатын.
Супер орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы 15-ші орыннан 10-шы орынға көтерілді. Осы салмақ дәрежесіндегі үздік үштікке британдық Джон Райдер, тұманды Альбион өкілі кіші Крис Юбэнк және ресейлік Федор Чудинов енді. Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші орынды сақтап қалды. Одан кейінгі орынға аустралиялық Джефф Хорн мен жапондық Риота Мурата орналасқан.
Бірінші орта дивизиондағы Нұрсұлтан Жаңабаев бес орынға жоғарылап, 10-шы орынға жайғасты. Бұл салмақта британдық боксшы Келл Брук көш бастап тұрса, екінші орын кубалық Эрисланди Лараға, үшінші орын америкалық Джермелл Чарлоға берілген.