Алтыншы жекпе-жегін өткізген Асхат Уәлиханов ауруханаға түсіп қалды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Уәлиханов (4-1-0, 2 KO) өткізген алтыншы жекпе-жегінен кейін ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.
Филадельфияда (АҚШ) өткен бокс кешінде шаршы алаңға шыққан Уәлиханов <span>Пуэрто-Рико елінің 27 жастағы боксшысы Хосе Лопеске (11-1-0, 9КО) есе жіберген болатын.</span>
<span>Аталмыш жекпе-жектен соң боксшы дереу арада ауруханаға жеткізілді.</span>
<span>- Үшінші раундта Уәлихановтың қол-аяғы дірілдей бастаған. Сол кезде боксшының менеджері Эгис Климас жекпе-жек тоқтатуын өтінген. Алайда, Асхат кездесуді тоқтатпаған. Алтыншы раундта тырыспасы басталған. Ол қазір ем алуда, жағдайы жақсы, - дейді боксшының баспасөз қызметі.</span>

<span>28 жастағы Уәлиханов кәсіпқой мансабындағы екінші жеңілісіне тап болды. Ал қарсыласы 12 рет жеңіске жетті. Оның тоғызы нокаутпен.</span>