Британ боксшысы қарсыласын тістеп алды
Ауыр салмақтағы британдық боксшылар Дэвид Прайс пен Кэш Әлидің кездесуі ұятты жағдаймен аяқталды. Жеңіліп жатқан Әли қарсыласын тістеп алды.
Бесінші раундта Прайс қарсыласын нокдаунға жіберді. Әли еденнен тұрған бойда қарсыласына ұмтылып ішінен тістеп алған. Жекпе-жек бірден тоқтатылып, жеңіс 35 жастағы Прайсқа берілді.
Рингте алғаш рет жеңілген 27 жастағы Кэш Әлиді айыппұл күтіп тұр, тіптен бокстан шеттетілуі де мүмкін. Бұған дейін ол 15 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или