Журналист қызды сүйгені үшін басы бәлеге қалған боксшыға қатысты мәлімдеме жасалды
Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын болгар боксшысы Кубрат Пулевтың басы бәлекеге қалды.
Богдан Динуді жеңгеннен соң Кубрат Пулев журналист Дженни Сушеге сұқбат беріп жатқан сәтінде оның ернінен сүйіп алған. 42 жастағы тілші күліп, боксшыны сұқбаты үшін рақметін айтқан.
Алайда қазір белгілі болғандай Дженни Суше адвокат жалдап, боксшыны сотқа бергелі жатыр. Ал Кубрат Пулевтың өзі Дженни Суше оның досы екенін, жәй ғана әзілдегенін жеткізген.
Калифорнияның атлетикалық комиссиясы (CSAC) Кубрат Пулевтың боксшы лицензиясын уақытша тоқтатты. Енді болгар боксшысы CSAC-қа келіп, жауап беруі қажет.
Калифорнияда тағы да рингке шығуға рұқсат алу үшін Пулев комиссия мүшелерін бұдан былай әдептен озбайтынына сендіруі тиіс, - деп мәлімдеді CSAC ұйымының қоғаммен байланыс директоры Вероника Хармс.