Оқасов – халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Оқасов – халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
<p style="text-align: justify;"> <strong>Қос қазақстандық балуан Саятбек Оқасов пен Аслан Кахидзе Минскте өтіп жатқан еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведь атындағы халықаралық турнирдің жүлдегерлері атанды. </strong></p> <p style="text-align: justify;"> 61 келі салмақ дәрежеде жарыс жолына шыққан Оқасов алдымен Тимур Шанбаевты - 9:0, Арби Абакаровты (Ресей) - 10:0, Биджей Футрельді (АҚШ) - 7:1, Егор Понамаревті (Ресей) - 10:0 және ақтық кездесуде ресейлік спортшы Нюргун Скрябиннен басым түсті - 13:7.</p> <p style="text-align: justify;"> Тағы бір отандасымыз Кахидзе 86 келі салмақта&nbsp; белорусь Александр Хуштинді - 10:0, Адлан Тасуевті - 10:2, Магомед Шахрудиновты (Ресей) - 9:5, өзбекстандық Рашид Курбановты - 7:5 ұпай санымен ұтты. Дегенмен, жартылай финалда ол белоруссиялық Амараджи Магомедовге жол беріп қойды. Қола медаль үшін өткен жекпе-жекте Кахидзе американдық Джон Ридерден асып түсті.&nbsp;</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или