Мейірім Нұрсұлтанов Асхат Уәлихановқа қолдау білдірді

Мейірім Нұрсұлтанов Асхат Уәлихановқа қолдау білдірді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та жеңіліске ұшыраған Асхат Уәлихановқа қолдау білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>Асхат Уәлиханов бүгін Пуэрто-Рико елінің 27 жастағы боксшысы Хосе Лопеске есе жіберген болатын.</span>

Осыған байланысты Нұрсұлтанов Instagram желісіндегі жеке парақшасында Уәлихановқа қолдау көрсетті:

<span>«Асxат, бауырым мұңайма! Өмірдің өзі ақ пен қарадан тұрады. Бұл жекпе-жектен үлкен сабақ алып, алда әлі талай асуларды бағындыратыныңа сенімдімін».</span>

<span> <br /></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или