Бауырсақ, шұбат және киберспорт

HABB.KZ ұжымының ұйымдастыруымен өткен Nauryz Game Party іс-шарасына қатысып, керемет көңіл көтердік.
Киберспорттық турнир 28-наурыз күні NEXT ойын-сауық орталығында өткен болатын.
Мерекенің барлық бөлігінде дәстүрлі қазақ дастарқанының иісі аңқып тұрды. Сонымен қатар, CS.GO, Dota 2 және Fortnite ойындарынан сайыстар өтті.

Counter-Strike ойынынан жарыс

Киберспортшылар компьютер алдында өз бақтарын сынап, кеш демеушілерінен әртүрлі сыйлықтарға ие болды. Финалдық нүктені қазақтың керемет бесбармағы мен HABB.KZ ұсынған торт қойды деп айтсақ қателеспеген болармыз.

"Қайрат" АФК ойыншылары қонақта

Мерекелік іс-шараны бастан аяқ камера жадына сақтар, шағын репортаж жасадық. Видео-есеп дайын боламын дегенше, біздің INSTAGRAM парақшамыздағы суреттерге қарап, көңіліңізді көтеріңіз!