Головкинмен жұдырықтасатын бір ғана үміткер қалды

Головкинмен жұдырықтасатын бір ғана үміткер қалды

Маусым айында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN стримингтік платформасында айқасқа шығады деп күтілуде, алайда оның қарсыласының кім екені әлі белгісіз.

Дегенмен, Геннадиймен жұдырықтасуы мүмкін екі спортшы бар еді: оның біреуі - «Претендент» спорттық реалити-шоуының жеңімпазы, америкалық Брэндон Адамс (21-2, 13 КО) болса, екіншісі - WBA және WBC рейтингтерінде Головкиннен кейін тұрған польшалық боксшы Камил Шеремета (19-0, 4 КО).

Айта кету керек, бұлардың біреуі үміткерлер тізімінен сызылып қалды - Камил Шереметаға WBC «уақытша» чемпионы Джермалл Чарлодан (28-0, 21 КО) ұсыныс түсті, алайда ол мұндай үлкен жекпе-жектерге дайын емес. Бұның себебі - Шереметаның жаттықтырушысы Федор Ляпин өзінің қарамағындағы тағы бір боксшы Кшиштоф Гловацкидің (31-1, 19 КО)  дайындығына көбірек көңіл бөлуге мәжбүр. Өйткені оны да маусым айында латвиялық Майрис Бриедиспен (25-1, 18 КО) титулдық жекпе-жек күтіп тұр.   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или