Қазақстандық боксшылардың жекпе-жегін ESPN арнасы көрсетеді

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жегін ESPN арнасы көрсетеді

<span>Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Сұлтан Заурбек пен Әбілхайыр Шегалиев кезекті жекпе-жегін Дубай қаласында өткізеді.</span>

<span> Сұлтан Заурбек пен Әбілхайыр Шегалиев  5 сәуір күні Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубай қаласында болатын бокс кешінде сынға түседі. Сұлтан Заурбектің (5-0, 3КО) қарсыласы қытайлық Чжу Юаньцай (6-5, 1КО) болса, Әбілхайыр Шегалиев грузиялық Теймураз Абуладземен (9-6, 7КО) қолғап түйістіреді. Бұл бокс кешін АҚШ-та ESPN телеарнасы көрсететін болады.</span>

<span>Айта кетейік, Сұлтан Заурбек жеңіл салмақта жұдырықтасса, Әбілхайыр Шегалиев бірінші орта салмақта сынға түседі.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или