Қазақ боксшы атыраулық полицейдің ескерткішіне ақша жинап жатыр
Нью-Йорк полициясында жұмыс істейтін боксшы Димаш Ниязов Атырауда қайтыс болған полицейге құрмет көрсетті.
«Атырауда батып бара жатқан әйелді құтқарамын деп қайтыс болған полицей туралы естіген боларсыздар. Патруль полициясының сержанты Шалқар Ақымғалиев ойланбастан мұздай суға секірді, оған кіші сержант Рүстембек Сүндетов қосылған. Екеулеп жүріп әйелдің өмірін сақтап қалды...
...Шалқар нағыз қаһарман. Ол полицияда лайықты адамдар жұмыс істейтінін дәлелдеді. Біз NYPD-де отбасы, достары мен бөлімшесіне көңіл айтамыз», - деді Ниязов.

Америкалық боксшы Шалқардың Қазақстанда қайтыс болғанына қарамастан оның туған күніне дейін өзінің полицейлік жетонына аза тұту лентасын байлап қоятынын айтты. Сондай-ақ, Димаш атыраулық офицердің мемориалы үшін GoFundMe.сом сайтында ақша жинап жатыр.